А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"АДАЛ АЗАМАТ"

«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы📚🇰🇿

А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 2024–2025 оқу жылының аяқталуына орай «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025 жылғы 12-20 мамыр аралығында 1–11 сынып оқушыларына арналған тақырыптық эссе жазу жұмысы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларды азаматтық жауапкершілікке, адалдыққа, құқықтық сауаттылық пен қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Эссе жазу бағыттары сынып деңгейіне сай төмендегідей болып бөлінді:

1–4 сыныптар – «Таза Қазақстан» тақырыбы аясында:

Сен «Таза Қазақстанға» қандай үлес қоса аласың?

Қоршаған ортаның тазалығын сақтау үшін не істеу керек?

Мен табиғатты қорғаймын, себебі...

5–9 сыныптар – «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында:

Заң мен тәртіп сақталу үшін не істеу керек?

Заңды орындау қоғамның дамуына қалай әсер етеді?

Сен қоғамдық тәртіпті орнатуға қандай үлес қоса аласың?

10–11 сыныптар – «Адал азамат» тақырыбы аясында:

Сен үшін «Адал азамат» деген кім?

Қоғамның дамуына адалдық қалай әсер етеді?

Ар-ұждан мен намыс адалдыққа қалай әсер етеді?

Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, өмірлік құндылықтар туралы терең пікір білдіруге мүмкіндік алды. Эсселер арқылы жас ұрпақтың азаматтық ұстанымы мен патриоттық көзқарастары байқалды.

4-сынып оқушысы Асанбайқызы Аиданың "Таза Қазақстан" тақырыбындағы эссесін ұсынып отырмыз.

Таза Қазақстан

Ұстазым "Таза Қазақстан" деп сөз қозғағанда үйім мен әулім көз алдыма елестеді. Дұрыс қой!? Өз үйің, күнделікті жүріп өткен жерің таза болмайынша "Таза Қазақстанды" жасау мүмкін емес. "Таза ауа- жанға дауа" деген мақалдың мәнісіне аса терең бойлай алмасам да, тазалық бар жерде сұлулық, жанға жайлылық, көтеріңкі көңіл- күй, ұқыптылық бар екенін сеземін. Себебі, анам үй жинай бастаса, қонақ келеді ме деп сұраймыз. Сонда мамам: "Тазалық бар жерде мәдениет бар, мәдениет бар жерде жаман дүниелерге орын жоқ",- дейді. Біз тек қонақ келгенде ғана мәдениетті болып, кеткен соң шашылып жату жақсы емесін ескертеді. Өзің үшін "үйрен де жирен" деп те қоятыны бар.

Менен пысық, менен де ізденімпаз құрбыларым ауқымы кең дүниелермен сөз қозғай алатын шығар, "Таза Қазақстанды " мен айналамнан іздеймін. Әркім мемлекетке өз жасына қарай үлес қосса, өркендеп, көркейетініне сенемін!

#Біртұтас_тәрбие

#Адал_азамат

#Адал_азамат_эссе

#Білімім_Отаныма