А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Абай оқулары"

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Биыл халқымыздың бас ақыны, ұрпағына өнеге болар өшпес рухани мұра қалдырған философ, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр!

Ақын мұрасын дәріптеу мақсатында, «Отырар» кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай оқулары» аудандық іріктеу байқауы болып өтті. Байқауға Шытты ауылдық кітапханашысы

Сандуғаш Сұлтанбек пен А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Базарбай Нұрасыл қатысып, жүлделі І орын иеленді. А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Б.Мырзаш жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, алдағы облыстық байқауда биік шыңдардан көріне берулеріне тілектестігін білдірді.