Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз . Айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымыздың қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Осыған орай А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80- жылдығын атап өтті. Отан соғысы ардагерлерінің ерен еңбегі бүгін жастардың мәңгілік есінде.