23 СӘУІР - ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ
Кітап-адамзаттың ғасырлар бойғы жинақтаған білімінің, даналығы мен тәжірибесінің көрінісі. Ол тек ақпарат көзі ғана емес, адам санасын тәрбиелейтін, ой-өрісін кеңейтетін, рухани байлық сыйлайтын құрал. Қазіргі заманда технология дамығанмен, кітаптың орны ерекше. Электронды форматтағы кітаптар көбейгенімен,баспа кітаптардың қадірі еш кеміген жоқ.
Түркістан облысы,Отырар ауданы, Шытты ауылдық кітапханасымен А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп кітапханасы "Кітап - мәңгілік парасаттың ең киелі ғибраты" атты кітап оқу алаңы ұйымдастырылды. Іс-шараға 10-сынып оқушылары қатысты. Кітап оқу алаңы барасында оқырмандарға кітаптың маңызын айқындайтын "Білім көзі-кітапта" атты слайд көрсетілді. Сонымен қатар, дарынды оқырмандарымыз әсерлі өлең шумақтарымен оқырман жүрегіне жол тартты. Оқырмандар әдеби кейіпкерлерді тану ойынында белсенділік танытты және еркін пікір алмасу ұйымдастырылды. Кітап оқу мәдениеті, сүйікті авторлар мен шығармалар жайлы сұрақтарға жауап беріліп, көптеген авторлардың шығармалары талқыланды. Іс-шара соңында кітапханашы Б.Қалдарова оқырмандарға әрдайым кітап оқып, рухани бай болуға шақырды.