А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

15 мамыр Халықаралық отбасы күні

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай ата-аналар жиналысы өтті

📌Бүгін мектебімізде Түркістан облысы білім басқармасының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың 15 мамыр күні Халықаралық отбасы күніне арналған ата-аналар жиналысы өткізілді.

📌Жиналыстың мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі құндылықтарды насихаттау, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін күшейту, қоғам мен мектептің тығыз қарым-қатынасын қалыптастыру.

📌Күн тәртібіндегі тақырыптар:

«Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары»;

«Сенімді қарым-қатынас – бақытты балалық шақтың кепілі» атты мектеп психологының тренингі;

📌Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша маңызды ақпараттар берілді.

📌Іс-шараға белсене қатысқан ата-аналарға алғысымызды білдіреміз! Бірлесе жұмыс істегенде ғана бала тәрбиесінде биік нәтижеге жетеміз!

#Ата_аналар_жиналысы

#Бала_болашағымыз