А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

1 қыркүйек Білім күніне орай «Мектебім – мейірім мекені» іс-шара

А.Дәрібае атындағы жалпы білім беретін мектепте 1-қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты шара ерекше сән-салтанатпен өтті.

Мектеп ауласына жиналған ұстаздар, ата-аналар, оқушылар мен ардагер ұстаздар бұл күннің қуанышын бірге бөлісті. Ардагер ұстаздар шәкірттерге жүрекжарды лебіздерін білдіріп, өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жас буынға ақ батасын берді.

Шара барысында мектеп директоры Мырзаш Бимен Аманжолұлы жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ұстаздар қауымына еңбекте табыс, оқушыларға білім жолында биік жетістіктер тіледі.

Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін алғашқы қоңырау сыңғыры ерекше әсер сыйлады.

Өнерлі оқушылар ән айтып, би билеп, өлең оқып, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

✨ Білім күні – әрбір жүрекке қуаныш сыйлайтын ерекше мереке. Жаңа оқу жылы шәкірттерімізге табысқа жету жолында жігер, ұстаздарымызға мықты денсаулық пен қажыр-қайрат әкелсін!