А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

1 қазан Қарттар күні құтты болсын.

Құрметті ардагерлеріміз, қазыналы қарттарымыз!

Сіздерді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке – бізге әрқашан өнеге болып келе жатқан асыл қазынамыз – сіздерге құрмет пен алғыс айту күні. Сіздердің ақыл-парасатыңыз, ерен еңбектеріңіз, ұрпаққа қалдырған өсиеттеріңіз – біз үшін баға жетпес қазына.

Ұрпақ қамы үшін төккен терлеріңіз бен айтқан ақ баталарыңызға мың алғыс! 🤲

Алдыңыздағы әр күніңіз қуанышқа, жүректеріңіз шаттыққа толы болсын. Ұрпақ қызығына кенеле беріңіздер!

Құрметпен,

✨ А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Мырзаш Бимен Аманжолұлы