"А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектеп оқушылары "Демалыста кітап оқимыз" тақырыбымен үйде отырып әңгіме, жыр және ертегілер оқыды .
"А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектеп оқушылары "Демалыста кітап оқимыз" тақырыбымен үйде отырып әңгіме, жыр және ертегілер оқыды .
Отырар аудандық білім бөлімінің 2025 жылғы 3 қарашадағы №41-10/1258 хатына сәйкес,
«А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылғы 4 қараша күні педагогтар мен техникалық қызметкерлерге арналған жиналыс өткізілді.
Жиналыстың басты мақсаты — алаяқтық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға қазіргі таңда жиі кездесетін интернет және тұрмыстық алаяқтық түрлері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері алаяқтықтың алдын алу жолдары мен азаматтардың жеке қауіпсіздігін сақтау жөнінде нақты кеңестер берді.
Жиналыс соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тақырып бойынша кері байланыс орнатылды.
"ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК" ЧЕЛЛЕНДЖІ...
А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025 жылдың 16 қазан күні “Желідегі қауіпсіздік” тақырыбында челлендж өткізілді.
Челлендждің мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің цифрлық, физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты әрі саналы көзқарасын қалыптастыру, интернет кеңістігінде және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту, жасөспірімдер арасында достық, сенім және өзара көмектесі құндылықтары дамыту. Жауапты, саналы қолданушы болуға тәрбиелеу.
Интернеттегі жеке деректерді қорғау;
Күмәнді сілтемелер мен бейтаныс адамдардан келетін хабарламаларға сақтықпен қарау;
Кибербуллингтің алдын алу жолдары;
Әлеуметтік желіде өзін дұрыс ұстау ережелері.
НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2025 жылдың 17 қазан күні мектепте «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен түсіндірме және алдын алу мақсатында кездесу өткізілді.
"А. Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ—де "Шежіре" бірлестігінің айлық жоспарына сай қазан айының 14—жұлдызы күні: география пәнінің мұғалімі: Бекболат Гүльвира 7сынып оқушыларымен: Табиғи апат кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін дұрыс қолдана білу. Литосфералық катаклизмдер тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың үй тапсырмасы кезеңін: Veo3 From және Gemeni платформасы арқылы анимация стилинде жасанды интеллекті пайдаланды. Сабақты өту барысында тапсырмалар бойынша көрнекіліктерді тиімді пайдаланып жасанды интеллекті бойынша
"Educaplay"платформасы арқылы жұптық, жеке тапсырмаларға түрлі әдіс— тәсілдер қолданып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды.
Құрметті ардагерлеріміз, қазыналы қарттарымыз!
Сіздерді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – бізге әрқашан өнеге болып келе жатқан асыл қазынамыз – сіздерге құрмет пен алғыс айту күні. Сіздердің ақыл-парасатыңыз, ерен еңбектеріңіз, ұрпаққа қалдырған өсиеттеріңіз – біз үшін баға жетпес қазына.
Ұрпақ қамы үшін төккен терлеріңіз бен айтқан ақ баталарыңызға мың алғыс! ![]()
Алдыңыздағы әр күніңіз қуанышқа, жүректеріңіз шаттыққа толы болсын. Ұрпақ қызығына кенеле беріңіздер!
Құрметпен,
А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Мырзаш Бимен Аманжолұлы
Отырар аудандық прокуратурасының тапсырмасына сәйкес 01.10.2025 жылы Отырар аудандық прокуратурасының прокуроры Бахадур Еркебұлан, Отырар АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты Сержан Мерей және Отырар аудандық білім бөлімінің тәрбие жұмыстары жөніндегі әдіскері Баирбеков Алимжан мектебіміздің 8 - 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, құқықтық сауаттылықты арттыру, түнгі уақытта жүру, қылмыстық жауапкершілік, буллинг және кибербуллинг, бұзақылық, ұрлық жасау, есірткі және психотропты заттарды пайдаланудың зияндылығы, вандализм, көрінеу жалған шақыру, қаруды заңсыз сақтау және табиғат аясындағы түрлі тәртіп ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектепте қауіптің алдын алу мақсатында 26 қыркүйек күні «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» тақырыбы бойынша жоспарлы сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Жаттығу сағат 9:00-де дабыл қағумен басталды. Дабыл жүйесі іске қосылған сәтте мектеп ұжымы мен оқушылар түгелдей ғимарат сыртына эвакуацияланды.
Оқу-жаттығу барысында эвакуациялау тетіктері пысықталып, мұғалімдер мен оқушылар ережеге сәйкес әрекет етті.
Сейсмологиялық жаттығудың негізгі мақсаты – жер сілкінісі қаупі мен төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдың дайындық деңгейін арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекмесінде облыстық білім басқармасының басшысының м.у. Ғ.Орыновтың 8.09.2025 жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес, "Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында өзін - өзіне қол жұмсау жағдайларының алдын алу" апталықтың іс шарасының жоспарын орындау мақсатында 24.09.2025 жылы “Эмоцияны басқару күні” мектебіміздің педагог-психологы Г.Байболова 10 сынып оқушыларымен “ Ашу мен күйзелісті қалай қауіпсіз басқаруға болады?” тақырыбында топтық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты: оқушыларға ашу, күйзеліс сезімдерінің табиғатын түсіндіру. Ашуды қауіпсіз басқару әдістерін үйрету. Ішкі эмоцияны денсаулыққа зиян келтірмей шығару жолдарын тәжірибеде көрсету.
“Әскери борыш- абыройлы міндет” атты әскерге шақыру медиа жоспары негізінде ашық сабақ.
18 қыркүйек 2025 жылы «А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10–11 сынып оқушыларына арналған патриоттық негізде ашық сабақ өтті.
Іс-шара жас буынға әскери борышты өтеудің маңызы, Отан алдындағы жауапкершілік пен азаматтық парыз жайлы әсерлі әңгімелерін жеткізіп, әскер қатарына шақырылуға дайындық жөнінде құнды кеңестер берді.
Бұл кездесу оқушылардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты арттырып, болашаққа сеніммен қарауға жігерлендірді. ![]()
![]()
"АДАЛ АЗАМАТ" біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасы аясында «Мектеп пен отбасы - бір мақсат, ортақ тәрбие» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры Б.Мырзаш ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, бала тәрбиесінде бірлесе жұмыс жасауға шақырды және мектеп формасын стандартқа сай сақталуын атап өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Мектептің 2025-2026 оқу жылына дайындығы. Б.Мырзаш
2. Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру. Баяндамашы: А.Құттыбаев
3. "Балалар буллинг, кибербуллинг құрбаны брлғанда не істеу керек?" психолог Г.Байболова
4.Әр түрлі мәселелер (бірыңғай міндетті мектеп формасы, мектеп үйірмелері т.б)
Қазіргі таңда өзекті мәселелер: оқушылар арасындағы зорлық зомбылық, интернет алаяқтық, буллинг, кибербуллинг, электронды темекі, ұрлық, т.б.қылмыстың түрлеріне тоқталып айтты. Түнгі уақытта 22.00-ден таңертеңгі 06.00-ге дейін кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде болуына тыйым салынатынын ескертілді. Жол жүру ережесі туралы айтылды.
«А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ «АДАЛ АЗАМАТ» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Түркістан облысы дін істері басқармасының 2025 жылғы 26 тамыздағы №38/528 хатқа және Облыстық Терроризмге қарсы комиссиясының тапсырмасына сәйкес, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында арнайы әзірленген бейнематериалдар 8-10 сынып оқушыларына көрсетілді.