Отырар аудандық білім бөлімінің 2025 жылғы 3 қарашадағы №41-10/1258 хатына сәйкес,
«А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылғы 4 қараша күні педагогтар мен техникалық қызметкерлерге арналған жиналыс өткізілді.
Жиналыстың басты мақсаты — алаяқтық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға қазіргі таңда жиі кездесетін интернет және тұрмыстық алаяқтық түрлері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері алаяқтықтың алдын алу жолдары мен азаматтардың жеке қауіпсіздігін сақтау жөнінде нақты кеңестер берді.
Жиналыс соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тақырып бойынша кері байланыс орнатылды.





