А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"1-сыныпқа оқушыларды қабылдау"

Құрметті ата-аналар!

Түркістан облысының білім басқармасы 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау тәртібіндегі өзгерістер туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігімен бірлесіп, «Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша пилоттық жобаны іске асыруды жоспарлауда.

Осыған байланысты Түркістан облысында жаңа оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертіледі.

Түркістан облысында:

📌 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау бірлескен бұйрықпен бекітілетін кестеге сәйкес 2026 жылғы 29 маусымнан 31 тамызға дейін жүргізіледі.

📌 Егер бала білім беру ұйымында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген болса және сол мектепте оқуын жалғастыруға ниет білдірсе, онда ол 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады.

Бұл жағдайда ата-ана мектеп директорының атына жазбаша өтініш береді, ал мектеп әкімшілігі тиісті бұйрық шығарып, оқушыны мектепалды даярлық сыныбынан 1-сыныпқа ауыстырады.

📌 Егер ата-ана баласын басқа білім беру ұйымына орналастыруды жоспарласа, онда құжаттар жалпы белгіленген тәртіп бойынша тапсырылады.

❗ Назар аударыңыз! Бұған дейін қолданыста болған құжат қабылдау мерзімі 1 сәуірден – 29 маусымға өзгертіледі.

Осыған орай, ата-аналардан 1-сыныпқа қабылдау мерзімінің өзгергенін ескеріп, құжат тапсыру уақытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.