А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Менің сүйікті кейіпкерім»

«Weekend. Book. Vibes»

📚Түркістан облысы, Отырар ауданы А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп кітапханасы мен Шытты ауылдық кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Менің сүйікті кейіпкерім» атты рөлдік оқу сағаты жоғары деңгейде өтті. Тағылымды шараның шымылдығы «Ақ кербез» би тобының әсем биімен түріліп, көрермен көңіліне ерекше әсер сыйлады.

📚Кеш барысында оқырмандар ұлы тұлғалар бейнесіне еніп, Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Мұқағали Мақатаев шығармаларын нақышына келтіре оқып, рухани әлемге терең бойлатты. Әсіресе, биылғы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына орай Амантай Айзат пен Мықтыбек Арайлым жазушының «Асыл шөп» әңгімесінен әсерлі көрініс қойып, көрермен ықыласына бөленді.

📚Сонымен қатар, әдебиет өкілдеріне қатысты жасырылған суреттерді табу ойыны қатысушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, шара мазмұнын байыта түсті. Рухани кештің қорытындысы ретінде Әмір Мараттың орындауындағы «Кел, досым, кітапханаға» әні шырқалып, оқырманды кітап әлеміне шақырған әдемі үнмен аяқталды.

📚Бұл тағылымды шара жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін тереңдете түсті.

#ҚРОқу ағарту министірлігі

#Балалар кітапханасы

#Ұлттық кітап күні

#РеспубликалықҒылымиПедагогикалық кітапхана

#Онкүндік

#Адал азамат