Құрметті ардагерлеріміз, қазыналы қарттарымыз!
Сіздерді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – бізге әрқашан өнеге болып келе жатқан асыл қазынамыз – сіздерге құрмет пен алғыс айту күні. Сіздердің ақыл-парасатыңыз, ерен еңбектеріңіз, ұрпаққа қалдырған өсиеттеріңіз – біз үшін баға жетпес қазына.
Ұрпақ қамы үшін төккен терлеріңіз бен айтқан ақ баталарыңызға мың алғыс! ![]()
Алдыңыздағы әр күніңіз қуанышқа, жүректеріңіз шаттыққа толы болсын. Ұрпақ қызығына кенеле беріңіздер!
Құрметпен,
А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Мырзаш Бимен Аманжолұлы





