А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Жайдарлы жаз жазғы сауықтыру лагері"

А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында “ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ” жазғы сауықтыру алаңшасы өз жұмысын бастады.

📆 Мерзімі: 26.05.2025 – 13.06.2025

Алаңшада балалардың белсенділігі мен қауіпсіздігін сақтау басты назарда. Тәрбиелік, спорттық, шығармашылық бағыттағы шаралар арнайы жоспар бойынша жүргізілуде.

🎯 Міндеттері:

🔹 Балалардың күнделікті қатысуын қадағалау

🔹 Әр күнді жоспарға сай мазмұнды ұйымдастыру

🔹 Таңғы дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс ойындарын бақылау

🔹 Саяхаттар мен жорықтарда қауіпсіздік ережелерін сақтау

🔹 Салтанатты жиындар, көрмелер мен байқаулар өткізу

🔹 Сурет, қолөнер арқылы шығармашылықты дамыту

🔹 Ұлттық ойындар мен логикалық, спорттық жарыстар арқылы қызығушылықтарын арттыру

📍 “ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ” – күндей жарқыраған жаздың ең шаттықты алаңына айналмақ!

#Мектеп_жанындағы _жазғы_сауықтыру