А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Тәуелсіз елім – Қазақстан!"

Ашық тәрбие сағаты – "Тәуелсіз елім – Қазақстан!" 🇰🇿

Бүгін Көркем жазу үйірмесінде ашық тәрбие сабағы өтті. Сабақтың басты мақсаты – оқушыларды Отанын сүюге, елінің тарихын құрметтеуге, рәміздерді қастерлеуге баулу. Сонымен қатар, Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарындағы жетістіктерімен таныстырып, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру.

Оқушылар өз ойларын көркем тілмен жеткізіп, шығармашылықтарын көрсетті.

Тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосатын саналы ұрпақ болуға сенім білдірді.

Үйірме жетекшісі: Аманқұлова Гаухар Маратқызы.

🇰🇿 "Тәуелсіздік – ел мұраты, ұрпақ аманаты!"