А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Шабыт шыңы» атты өнер фестивал"

ШАБЫТ ШЫҢЫ" 🌟 🌟 🌟

✨ ✨ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ✨ ✨

🌟 А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Шабыт шыңы» атты өнер фестивалі ерекше әсермен өтті! ✨

🌟 Фестивальдің мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, дарынды балаларды анықтап, олардың талантын шыңдау, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды дәріптеу.

🌟 Шабыт шыңы – талант пен талаптың, өнер мен өрелі ойдың тоғысқан сәті. Сахна төрінде әсем әуендер мен сазды ырғақтар залды шаттық пен қуанышқа бөледі.

🌟 Іс-шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, көркемсөз оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Әрбір қатысушының сахнадағы шынайылығы мен шабытқа толы өнері көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

🌟Ұлттық билеріміз ата-бабамыздың мұрасын жаңғыртып, қазақы нақышты, болмыс пен дәстүрді айшықтай көрсетті. Ал заманауи билер жастардың жалынды жігерін, жаңашыл көзқарасын паш етті. Әр қимыл – шеберлік, әр қозғалыс – шабыт!

🌟«Шабыт шыңы» – бұл жай ғана фестиваль емес, бұл – өнерге деген сүйіспеншіліктің, бірліктің, шығармашылық ізденістің жарқын көрінісі. Осындай шаралар жас таланттардың қанатын қатайтып, болашаққа деген сенімін арттырары сөзсіз!

#адал_азамат_біртұтас_тәрбие

#ШабытШыңы