А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Шәмші-халық жүрегінде"

Бүгін А. Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақ музыкасының алыбы, композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Шәмші – халық жүрегінде» атты тағылымды кездесу өтті.

Іс-шараға 9-сынып оқушылары қатысып, кешті сынып жетекшісі Нұрбол Өскенбай ұйымдастырды.

Кештің құрметті қонағы – Шәмші музей-үйінің меңгерушісі Серік Олжатаев мырза болып, композитордың өмірі мен шығармашылығы жайлы құнды деректермен бөлісті.

Кездесу барысында Шәмші әндері шырқалып, оқушылар рухани әсер алып, ұлттық өнерге деген құрметтері арта түсті.

Тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор бұл кеш көрермен көңілінен шықты.