ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың «Егемен Қазақстан» басылымында жарық көрген «Сапалы білім – қоғам дамуының басты тірегі» атты мақаласында білім беру саласындағы негізгі басымдықтар, қол жеткізілген нақты нәтижелер мен алға қойылған міндеттер кеңінен баяндалады
Министр мақалада Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде мектеп инфрақұрылымын инновациялық трансформациялау, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайту, білім сапасы мен кадрлық әлеуетті арттыру бағытында қабылданған стратегиялық маңызы бар шешімдерге тоқталды.
Министр мемлекет тарапынан талантты оқушыларға көрсетілетін қолдау шаралары және Мемлекет басшысының ұстаз мәртебесін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан негізгі іс-шаралар, оқу процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу бағытындағы бастамаларды да атап көрсетті.
Мақаланы толығырақ сілтемеден оқи аласыздар.





