11.02.2026ж.күні, А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектепте кезекті апталық лездеме өтті.
Онда мектебіміздің тыныс-тіршілігіне қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Апталық лездеме барысында:
Білім мен тәрбие: Оқу үлгерімін арттыру және мектеп ішіндегі тәртіп пен этика ережелерін қатаң сақтау мәселелері сөз болды.
Қауіпсіздік: Оқушылардың мектептегі және мектептен тыс уақыттағы қауіпсіздігі, ішкі тәртіп ережелерінің маңыздылығы ескертілді.
Дайындық кезеңі: Жоғары сынып оқушылары үшін ҰБТ-ға дайындық барысы мен пәндік олимпиадаларға қатысушылардың дайындық деңгейі сараланды.
Марапаттау рәсімі: Қаңтар айында өткен ҰБТ-н жоғары 123 балл жинаған 11 сынып оқушысы Есімхан Тұмарды және түрлі деңгейдегі байқаулар мен жарыстардан олжалы оралған оқушыларды мектеп басшысы Мырзаш Бимен Аманжолұлы ерекше атап өтіп, жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен марапаттарды салтанатты түрде табыстады.
Бимен Аманжолұлы өз сөзінде: «Әрбір шәкірттің жетістігі — ұстаздар қауымы мен мектебіміздің ортақ мерейі. Білім мен тәрбиені ұштастырған оқушыларымыздың биігі бұдан да асқақтай берсін!» — деп, оқушыларға сәттілік тіледі.





