«НАУРЫЗ БЕРЕКЕ БАСТАУЫ»
А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Наурыз береке бастауы» атты мерекелік іс-шара өтті. Наурыз – халқымыздың ежелден тойлап келе жатқан көктем мерекесі, жыл басы. Бұл – табиғаттың жаңаруымен қатар, адамдардың да бір-біріне ізгі тілек айтып, татуласатын, бауырмалдық пен бірлікті дәріптейтін ерекше мереке.
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз тойы керемет көңіл-күйге, думанды ән шашуға, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін салт-дәстүрлерге толы болып, ауыл тұрғындары ұлттық киім киіп, қазақтың әдет-ғұрыптарын көрсететін көріністер қойылып, ән мен күйден шашу шашты. Дәстүрлер дәріптеліп, қазақ халқының салт-санасы мен мәдениеті кеңінен насихатталды.
Сондай-ақ, көпшілікке наурыз көже ұсынылып, мерекелік дастархан жайылды.
Шара аясында қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға ерекше серпін берді.





