ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: «Нашақорлық, буллинг, лудомания, құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу»
А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025–2026 оқу жылы аясында «Нашақорлық, буллинг, лудомания, құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында 2026 жылдың 13 ақпан күні сағат 10:00-де жиналыс өтті.
Жиналысқа Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ-ның аға инспекторы, полиция подполковнигі Т.Меңлібаев, Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты М.Сержан, Отырар АПБ КПБ жедел уәкіліполиция аға лейтенанты Н.Төлегенов, мектеп директоры Б Мырзаш және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Құттыбаев қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
Жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік, құқық бұзушылық, нашақорлық, лудомания мен буллингтің (зорлық-зомбылықтың) алдын алу шаралары;
Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы;
Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны, интернет қауіпсіздігі жөнінде ақпарат беру.
Жиын барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болу және интернет кеңістігінде жауапкершілікпен әрекет ету жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мұндай кездесулердің мақсаты — жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз орта қалыптастыру және саналы азамат тәрбиелеуге ықпал ету.





