Түркістан қаласында 15 ақпан күні Республикалық "Ақылдым" балалар журналы мен "Ақсұңқар" өнер-шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған халықаралық фестивальде 3-сынып оқушыларымыз Келдебек Жаңылыс, Асанбайқызы Нұрила, Ержанұлы Нұрислам, Сәдібек Зере "Көркем сөз" жанры бойынша жүлделі 1-орындармен марапатталды! Сонымен қатар Алматы қаласында өткізілетін келесі кезеңіне жолдама алды. Жетекшісі Бөрібек Жазира Құралқызы.
Мектеп директоры Б.Мырзаш ұстазымыз бен шәкірттерімізді жүлделерімен арнайы құттықтап, алдағы кезеңге сәттілік тіледі.





