Ұлағатты ұстаз — ұрпақ жүрегінде!
Бүгін мектебімізде ерекше тарихи сәттердің бірі орын алды. Өз өмірін білім мен тәрбиеге арнаған ардагер ұстаз Төлебаев Серік ағайымыз өзі басқарып кеткен мектебіне 20 жылдан кейін қайта оралып, 70 жылдық мерейтойын түлектері атап өтті.
Бұл тағылымды шара ауыл әкімшілігінің қолдауымен, ардагер ұстаздар мен шәкірттерінің ыстық ықыласы мен құрметінің арқасында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Ардагер ұстазға арналған естелік кеш, жылы лебіздер мен шынайы ықыласқа толы болды. Шәкірттерінің жүрекжарды сөздері мен өнері, әріптестерінің естелігі кешке ерекше әсер берді. Сонымен қатар "Жемісті жылдар жаңғырығы" атты ардагер ұстазымыздың құрметіне басылып шыққан кітаптың тұсауы кесілді.
Осы шара — ұстаз еңбегінің ешқашан ескерусіз қалмайтынын тағы бір дәлелдеді.
Және бүгінгі кеште өмір көшінде әр саланың майталманына айналған бірнеше түлектерінің атынан ардагер ұстаз Төлебаев Серік ағай мен музыка үйірмесінің жетекшісі Сералиев Боранбек ағайға Сарыағаштағы «Маржан су» шипажайына арнайы жолдама табысталды.
Бұл – шәкіртінің ұстазға деген шынайы ризашылығы мен құрметінің айғағы.





