Қуанышты жаңалық!
Бүгін мектебімізде жүрекке жылы, рухты көтерер ерекше шара өтті. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек еткен ардагер ұстаз Дәуренбек Ұлбала Сейдеханқызының құрметіне мәжіліс залы толықтай жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай қайта жабдықталып, салтанатты түрде ашылды.
Ашылу салтанатында мәжіліс залының лентасы қиылып, ұстаздар мен қонақтар өздерінің ыстық лебіздерін білдірді. Жиынға ардагер ұстаздар, мектеп ұжымы, ауыл тұрғындары мен құрметті қонақтар қатысты.
Ауыл әкімі Әбілқасым Ербол Бұғыбайұлы мен мектеп директоры Мырзаш Бимен Аманжолұлы өз сөздерінде ұстаз есімін ұлықтау — үлкен өнеге екенін айтып, бұл игі істің алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.
Ашылу барысында мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, ұстаздарға деген алғыстарын ән-жырмен жеткізді. Бұл – болашақта дарынды, білімді ұрпақтың өсіп шығуына үлкен серпін берері анық.
Жаңа мәжіліс залы енді мектептің түрлі іс-шараларын жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Білім мен өнер тоғысатын орта боларына сенімдіміз!
Ардагер ұстазға көрсетілген бұл құрмет – өскелең ұрпақ үшін үлкен тәрбие, ұстаз еңбегінің мәңгілік екенін дәлелдейді.





