Мектебімізде «Қосымша білім – талантты таныту, шеберлікті шыңдау» айлық шарасының жоспарына сай «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Айман Сейдахметова «Үлпілдек сымнан гүл жасау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында қолданбалы қолөнер бұйымдарының түрлері мен олардың жасалу жолдарының қыр-сыры түсіндіріліп, қызықты тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар Гульшат Джапабаева жетекшілік ететін «Қылқалам шеберлері» үйірмесі оқушылары арасында «Туған жер – көрікті мекенім» тақырыбында мектепішілік сурет байқауы өткізілді. Оқушылар өздерінің Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктері мен отаншылдық сезімдерін салған суреттері арқылы жеткізді.





