А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Үйірмелердің ашылу іс-шарасы"

Бүгін мектебімізде "Қосымша білім - талантты таныту, шеберлікті шыңдау" тақырыбында үйірме педагогтарының айлық іс-шарасының салтанатты ашылуы өтті. Айлық іс-шараның мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сабақтан тыс үйірмелерге деген қызығушылығын арттыру және қосымша білім беру үдерісінің сапасын жетілдіру. Ашылу салтанатында мектеп басшылары сөз сөйлеп, айлықтың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, қатысушыларға айлықтың жоспары таныстырылып, алдағы күндері өтетін іс-шаралар туралы ақпарат берілді. Іс-шара барысында викториналар, көріністер, танымдық тапсырмалар ұйымдастырылды. Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен өнерлерін көрсетті. Айлық аясында түрлі сайыстар, танымдық кездесулер, ашық сабақтар және шығармашылық жұмыстар өткізілмек.