А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Интернет: пайдалы ма, қауіпті ме?»

«Интернет: пайдалы ма, қауіпті ме?»* 🌐💻

Бүгін, 12.02.2026 жылы «А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 5-7 сынып оқушыларының қатысуымен маңызды түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері туралы білімін арттыру, интернетке тәуелділіктің алдын алу және цифрлық сауаттылықты қалыптастыра отырып, желіні пайдалы мақсатта қолдануға бағыттау.

Аталған шара Түркістан облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына және К. Янгтың интернетке тәуелділік шкаласы бойынша жүргізілген диагностика қорытындысына сәйкес ұйымдастырылды.

Кездесу барысында:

🔹 Оқушыларға интернетке тәуелділіктің алдын алу бойынша профилактикалық кеңестер берілді;

🔹 Желідегі қауіпсіздік мәдениеті талқыланды;

🔹 Оқушылар өз ойларын «Интернет: пайдалы ма, қауіпті ме?» тақырыбындағы эссе жұмыстары арқылы білдірді.

Мектеп педагог-психологы Г.Байболованың тарапынан ұйымдастырылған бұл жұмыстар балалардың виртуалды әлемдегі қауіптерден сақтануына және уақытты тиімді пайдалануына бағытталған.