А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Еңбек кабинетінің ашылуы"

Бүгін мектебімізде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған көркем еңбек кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Кабинет ауылымыздың ардақты азаматы, еңбек ардагері болған Мұратбаев Жақсыбек Орынбасарұлы атымен аталды.

Бұл маңызды әрі қуанышты шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, оқушылар және қадірлі қонақтар қатысты. Ашылу барысында жаңа кабинеттің мақсаты мен маңыздылығы айтылып, жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру – басты міндет екені атап өтілді.

Жаңа көркем еңбек кабинеті заман талабына сай жабдықталып, оқушылардың сурет салу, қолөнер, дизайн және шығармашылық жұмыстармен еркін айналысуына толық мүмкіндік береді. Бұл кабинет – оқушылардың қиялын ұштап, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыратын, талантының ашылуына жол ашатын рухани орта болмақ.

Шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән мен би орындалып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жиын соңында игі іске атсалысқан жандарға алғыс білдірілді.

Жаңа кабинет жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуға зор үлес қосып, талай таланттың қанатын қақтыруына себеп болады деп сенеміз.

Өнерлі ұрпақ – елдің ертеңі!