А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

БУЛЛИНГ ПЕН ӘЛІМЖЕТТІКТІҢ АЛДЫН АЛУ– БАСТЫ НАЗАРДА!

БУЛЛИНГ ПЕН ӘЛІМЖЕТТІКТІҢ АЛДЫН АЛУ– БАСТЫ НАЗАРДА!

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 11.11.2025 жылы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әділдік және жауапкершілік» құндылықтарын дәріптеу мақсатында түсіндіру жұмыстары өтілді. Іс-шара барысында оқушыларға буллинг пен әлімжеттіктің, құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, пікір алмасу ұйымдастырылды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Құттыбаев және АӘД жетекшісі Ж.Көкішов оқушыларға адамгершілік, әділдік пен жауапкершілік құндылықтарының маңызын түсіндірді.

🤝 Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында өзара сыйластық пен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру.