А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Біздің бірлігіміз-болашақтың білімінде"

"Біздің бірлігіміз-болашақтың білімінде" атты өнер фестивальі өтті.

А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде ерекше шығармашылық шара- "Біздің  бірлігіміз-болашақтың білімінде" атты өнер  фестивальі өтті. Бұл фестиваль Түркістан облысының  білім беру ұйымдары арасында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын насихаттау, жас дарындардың өнерін қолдау және бірлікті нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

    Фестивальдың басты мақсаты:

1.Талантты оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

2.Өнер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу;

3.Жас ұрпақтың рухани тәрбиесін қалыптастыру;

   Фестиваль  аясында жас өнерпаздар  өздерінің ерекше қабілеттерін көрсетіп, түрлі жанрларда өнерлерін ортаға салды.

    Фестиваль барысында үздік өнер көрсеткен оқушылардың шығармашылық талпыныстары жоғары бағаланды. осындай игі шаралар жас буының өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып ғана қоймай, тәрбиелік мәні зор мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге септігін тигізеді.

   Болашақтың білімді, талантты ұрпағын тәрбиелеу жолында мұндай бастамалардың маңызы зор!