"БАСТАУЫШЫМ - БАЛБҰЛАҒЫМ" бастауыш сыныпты бітіру шарасы
А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 4-сынып оқушыларының "БАСТАУЫШЫМ - БАЛБҰЛАҒЫМ" бастауыш сыныпты бітіру шарасы өтті.
Мақсаты:
Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу;
Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазы алғыс білдіре отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу;
Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауыштa айтылмаған сыр бар ма?
Бастaуышта алған білім, жырларым,
Азық болар, әлі талай жылдарға.
Оқушылар сынып жетекшісі
Б.Таменге өз алғыстарын білдіріп, ұстаздарымен бірге бастауышта алған білімдерін cаралап, пысықтады. Әннен шашу шашып, би билеп кештің көркін қыздырды. Мектеп директоры
Б.Мырзашқа оқушыларға жылы тілегін жеткізіп, алғыс хаттармен марапаттады.
#СалтанаттыЖиыны