Бүгін А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің "Балдырған" бастауыш бірлестігінде айлық жоспар бойынша өткізілген іс-шаралардың жабылуы салтанаты түрде өтті.
Бұл мерекелі жиын Тәуелсіздігімізбен тұспа-тұс келіп, ерекше рухта өтті. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, өлең оқып, ән шырқады.
Мектеп директоры Б.Мырзаш қорытынды сөз сөйлеп, бірлестік жұмыстарына белсенді қатысқан оқушыларды мадақтама қағаздарымен марапаттады.
Осындай шаралар оқушылардың елжандылық қасиетін арттырып, білім мен тәрбиеге деген құлшынысын оята түседі.
Тәуелсіздік – ұрпаққа аманат!





