А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Азаттық аңсаған Алаш арысы»

А. Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы Б. Қалдарова мен Шытты ауылының кітапханашысы С.Сұлтанбектің бірлесіп ұйымдастыруымен, 5 наурыз – Алаш қозғалысының көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай «Азаттық аңсаған Алаш арысы» атты тұлғатану сағаты өткізілді.

Тұлғатану сағаты барысында оқырмандарға Алаш қозғалысының тарихы таныстырылып, Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы мен саяси қызметі кеңінен баяндалды. Кітапханашы С. Сұлтанбек Алаш арысының ел тәуелсіздігі жолындағы күресі туралы мазмұнды баяндама жасап, оқырмандар тарихи деректермен танысты. Сонымен қатар «Алаштың ардақты перзенті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмені мектеп кітапханашысы Б. Қалдарова таныстырды.

Тұлғатану сағаты соңында азаттықты аңсаған Алаш арысының есімі халық жүрегінде мәңгі сақталатыны айтылып, тағылымды шара мазмұнды оймен қорытындыланды.