А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Атамның аманаты"

“АТАМНЫҢ АМАНАТЫ” ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТіГІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Сұрапыл соғыс жылдарында екі жүз жетпіс мыңнан астам жерлесіміздің майданнан қайта оралмағаны белгілі.

Осы орайда 2019 жылдың мамыр айында құрылған “АТАМНЫҢ АМАНАТЫ” қоғамдық қоры, Ұлы Отан соғысынан қайта оралмаған, хабар-ошарсыз жоғалған жерлестерімізді табуға көмектесетін ұйым.

“А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп” кмм 10 сынып оқушыларына алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ж.Көкішов Ұлы Жеңістің 80 дылдығына орай, “АТАМНЫҢ АМАНАТЫ” қоғамдық ұйымының жұмысы, мақсат-міндеттері, жеткен жұмыс нәтижелерін кеңінен түсіндіріп өтті.

Соғыс майданында жоғалған, хабар-ошарсыз кеткен ата-бабаларын табуда жоғарыда аталған ұйымның көмегі мол екенін түсіндіріп өтті.

#Біртұтас_тәрбие

#Ұлы_Жеңіске_80_жыл