А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Ананың аялы алақаны»

А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Шабыт» жобасы аясында жүректерге жылу сыйлайтын «Ананың аялы алақаны» атты челлендж ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – аналардың мейірімі мен қамқорлығын дәріптеу, оларға деген құрмет пен алғысты арттыру. Челлендж барысында оқушылар мен ұстаздар аналарға деген жылы лебіздерін білдіріп, өз өнерлері арқылы мерекелік көңіл күй сыйлады.

Осындай тағылымды шаралар арқылы жастар ананың қоғамдағы орны мен қадір-қасиетін терең түсініп, аналарға деген құрметтің әрдайым биік болуы керектігін тағы бір мәрте сезінді. «Ананың аялы алақаны» челленджі қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекенің маңызын айшықтай түсті.

«Ананың аялы алақаны» челленджі – жүректерді жақындатып, мейірімді көбейткен көпжылдық мағыналы шаралардың бірі.