15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай ата-аналар жиналысы өтті
Бүгін мектебімізде Түркістан облысы білім басқармасының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың 15 мамыр күні Халықаралық отбасы күніне арналған ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі құндылықтарды насихаттау, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін күшейту, қоғам мен мектептің тығыз қарым-қатынасын қалыптастыру.
Күн тәртібіндегі тақырыптар:
«Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары»;
«Сенімді қарым-қатынас – бақытты балалық шақтың кепілі» атты мектеп психологының тренингі;
Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша маңызды ақпараттар берілді.
Іс-шараға белсене қатысқан ата-аналарға алғысымызды білдіреміз! Бірлесе жұмыс істегенде ғана бала тәрбиесінде биік нәтижеге жетеміз!